27 маусым күні Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Арман Жүдебаев оқу орнына қарасты мектеп-колледжінде кездесу өткізді. Ректор оқу орнының білім беру, әлеуметтік мәселелері мен алдыға қойылған міндеттері туралы баяндады. Сондай-ақ 2024-2025 оқу жылындағы негізгі нәтижелер мен бір жыл ішінде болған оң өзгерістер туралы сөз қозғап, жыл қорытындысын жасады.
Академия басшысының баяндамасынан соң оқытушылар өздерін толғандырған сауалдарға жауап алды. Жиын соңында ректор профессор-оқытушылар құрамына атқарған жұмыстары үшін алғысын білдірді.