Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен оған қарасты ұйымдардың қызметкерлері арасында дәстүрлі республикалық Спартакиада өтті. Аталған спорттық іс-шараның іріктеу кезеңі Алматы қаласында ұйымдастырылып, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясынан жасақталған команда бірқатар спорт түрлері бойынша жақсы нәтиже көрсеткен болатын.
Астана қаласында өткен республикалық сайыстың екінші кезеңінде Академияның қызметкерлері жеке және командалық есепте жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, қазақ күресі бойынша 90 келі салмақ дәрежесінде Сұлтан Абай – ІІ орын, шахматтан Жантеева Гүлрайхан – ІІІ орын иеленді. Ал футболдан Академияның құрама командасы ІІІ орынға тұрақтады.
Сіздер өнер саласында ғана емес, спорт алаңында да мықты екендеріңізді дәлелдедіңіздер. Жеңіс құтты болсын!