Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы Италияның Рим қаласындағы Saint Louis College of Music жоғары оқу орнымен бірлесіп, «Playing Memories» халықаралық жобасына қатысып жатыр.
Жоба құрамында жалпы 8 елден келген жоғарғы оқу орны бар: Эстония, Грузия, Франция, Испания, Куба, Чехия, Ұлыбритания және Қазақстан. Әр оқу орны өз серіктесімен бірлескен қойылымын ұсынады. Осыған байланысты Театр өнері факультетінің студенттері мен факультет деканы Кульсеитова Мадина және Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Далиева Жанат қазір Италияда ұсынылатын театр қойылымының дайындығында жүр.
4 шілде күні Италияның Неми қаласындағы Teatro di Paglia сахнасында «Пиноккио» спектаклі қойылады. Халықаралық спектакль-жоба Қазақстан мен Италия арасындағы жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық аясында жүзеге аспақ.
Әріптестерімізге сәттілік тілейміз! Орыс және ағылшын тілдерінде ресми аударма