Алматыда әйгілі «Пиноккио» спектаклінің премьерасы өтті. Қойылымды Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мен Италияның жетекші жоғары оқу орны студенттері бірлесіп сахналады.
Әлемдік классиканың жаңғырған көрінісі қалың көрерменге Құдыс Қожамияров атындағы Ұйғыр музыкалық комедия театрында ұсынылды. «Playing Memories» халықаралық жобасын «Орталық Азия – Италия» саммитінде екі елдің мемлекет басшылары да қолдаған.
«Үлкен жобаға 8-ден аса жоғары оқу орны қатысып отыр. Бүгінде Шығыс Еуропа, Еуропа, Латын Америкасының бірқатар елі мен Қазақстанды қамтыған бұл жобаны ұлтаралық ынтымақтастық негізінде пайда болған үлкен шығармашылық жоба ретінде қарастыруға болады. Сондай-ақ шығармашылық тұрғыда алға басқан үлкен қадам болды», — деді Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының проректоры Шыңғыс Ергөбек.