Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұжымы атынан XXXIV «Славян базары» халықаралық өнер байқауында бас жүлдені еншілеген Алмагүл Батталиеваны шын жүректен құттықтаймыз!
Беларусь елінде өткен дәстүрлі эстрада әншілерінің «Славян базары» байқауында Қазақстан атынан Алмагүл Батталиева өнер көрсетіп, байқауда жалпы 137 ұпай жинаған. Финалда ол «Вечность» әнін орындап, көрермен көзайымына айналып үлгерді.
Алмагүл Батталиева бүгінде Жетісу облысы филармониясының солисі. Алмагүлдің өнер жолында оны тәрбиелеген ұстаздары ерекше орын алатынын айтып жүр. Олардың қатарында вокалдан сабақ берген Меруерт Мүсірәлі, ҚР халық әртісі Нағима Есқалиева бар.
Шәкіртіміз 8 жыл қатарынан ұлттық іріктеуге қатысып, биыл үздік шығып отыр. Әлемнің көптеген таланттары қатысқан осынау айтулы байқауда көрсеткен өнері кәсіби даралығы мен табанды еңбектің айқын дәлелі. Алдағы уақытта басқа да әлемдік сахналардың төрінен көреміз деп сенеміз. Жеңіс құтты болсын!