«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 2025–2026 оқу жылына Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына 5 грант бөлді. Қоғамдық қор білім беру гранттарын әлеуметтік осал топтарға жататын талапкерлерге ұсынады. Грантқа бакалавриат бағдарламасы бойынша күндізгі оқу формасын толық өтеу және ай сайынғы стипендия кіреді.
Грантқа төмендегі санаттағы талапкерлер үміткер бола алады:
- — Ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар;
- — Жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар;
- — Мүгедектігі бар;
- — Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар;
- — 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары;
- — 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде жарақат алған балалар.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылдың 1-17 тамыз аралығы
Грант иегерлерінің тізімі қордың сайтында 2025 жылдың 11 қыркүйегіне дейін жарияланады.