2025 жылғы 19 тамызда Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мен өз құрамына Кинопоиск, Яндекс Книги, Яндекс Музыка және басқа да сервистерді біріктіретін Яндекс Плюс ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Қол қою рәсіміне Академия ректоры Арман Жүдебаев пен Орталық Азия мен Кавказдағы Яндекс Плюс компаниясының бас директоры Владимир Горбунов қатысты.
Меморандумның негізгі мақсаты – креативті индустриялар мен цифрлық технологияларды дамыту, білім беру және мәдени бастамаларды қолдау, жас таланттарға қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ отандық контентті халықаралық деңгейге шығару.



Меморандум аясында келесі бағыттар бойынша жұмыстарды кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарланып отыр:
- — Академия қабырғасында Яндекс Плюс мамандарының қатысуымен білім беру интенсивтері, практикалық сабақтар мен жобалық мектептерді ұйымдастыру;
- — Кино, анимация, дизайн, музыкалық продюсинг және цифрлық сторителлинг бағыттарындағы студенттік бастамаларды қолдау;
- — Студенттер мен индустрия өкілдерінің өзара байланысын қамтамасыз ететін тәжірибелік тағылымдамалар, хакатондар және шығармашылық зертханалар алаңын қалыптастыру;
- — Академия мен Яндекс Плюстің серіктестігі аясында фестивальдер, көрмелер, сыйлықтар мен өзге де мәдени іс-шаралардың жаңа форматтарын әзірлеу.
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы еліміздегі өнер мен мәдениет саласындағы көшбасшы мәртебесін тағы бір мәрте дәлелдеп, жоғары оқу орындарының сұранысқа ие рейтингінде 1-орынға ие болды. Алдағы ынтымақтастық студенттердің шығармашылық әлеуетін дамытып қана қоймай, креативті индустрия саласында тәжірибе жинақтауына да мүмкіндік береді.
Қазақстандағы креативті индустрияны қолдау – Яндекс Плюс компаниясының негізгі басымдықтарының бірі. Компания музыка, әдебиет және өнердің өзге де бағыттарын дамытуға арналған жобаларды тұрақты түрде жүзеге асырып келеді.
Осындай жобалардың жарқын мысалы – қазақстандық орындаушылардың жаңа есімдерін танытуға бағытталған ISKRA Qazaqstan бастамасы. Яндекс Музыкадағы ұсынымдар жүйесі жас өнерпаздарға өз аудиториясын кеңейтіп, тыңдармандарын тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де табуға жол ашады.
Соңғы жылдары әдеби бағыт та қарқынды дамып келеді: қазақстандық авторлардың кітаптары көптеп жарық көруде. Олардың қатарында жеңіл feel good-проза да, тарихи романдар да, өзін-өзі дамытуға арналған еңбектер де бар. Яндекс Плюс жазылымы мен Яндекс Книги сервисінің арқасында бұл туындылар кең оқырман қауымына анағұрлым қолжетімді болды.
Сонымен қатар, Кинопоиск та отандық киноиндустрияны белсенді дамытуда. Биыл қазақстандық актерлер, режиссерлер мен сценаристердің қатысуымен екі сериалдың түсірілімі басталды: шорқақ полицейлер туралы қылмыстық комедия «Под контролем» және әзіл, махаббат пен тағамды тоғыстырған романтикалық комедия «Streetхана».