Кино және ТВ факультеті, Көркем фильм режиссурасы мамандығының 4-курс студенті Кәкен Әмір «Жазда атамның ауылында» фильмімен Ресейде өткен «Облака» халықаралық жасөспірімдер кинофестивалінде «Үздік режиссерлік жұмыс» номинациясында жеңімпаз атанды. Сонымен қатар аталған фильм Пәкістанда өтетін «Gandhara Independent Film Festival» (Гандхара тәуелсіз фильм фестивалі) байқауына қабылданды. Биыл картина халықаралық кинофестивальдің негізгі байқауында бақ сынайды.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін бұл туынды АҚШ-та өткен «Successful Quitters Film Festival» кинофестивалінде «Үздік қысқаметражды фильм» және «Үздік актер» жүлделерін жеңіп алған болатын.
Фильмнің режиссері мен түсірілім тобын халықаралық дәрежедегі аталмыш жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Студенттердің шығармашылық ізденістеріне ұдайы қолдау көрсететін Театр өнері факультетінің профессор-оқытушылар құрамына, фильмде белгіленген рөлді сомдап, шәкіртіне актерлік қолдау жасаған профессор Иісбек Әбілмажіновке ерекше алғыс білдіреміз.