Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Эстрадалық вокал кафедрасының студенттері Түркістан қаласында өткен дәстүрлі республикалық «Түркістан дауысы» эстрадалық жас орындаушылар байқауында жүлделі орындарға ие болды. Ән байқауында 2-курс студенті Ақерке Амалят бас жүлде иегері атанса, 4-курс студенті Нұрайым Гимран ІІ орынға лайық деп танылды.
Екі күнге созылған байқауда еліміздің әр аймағынан келген 17 жас талант бақ сынаған. Қатысушылар сайыстың алғашқы күнінде Қазақстанның танымал композиторларының әндерін, екінші кезеңде өз таңдауы бойынша еркін тақырыптағы шығарманы орындады.
Республикалық байқауда топ жарған студенттерді жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Жас таланттарға шабыт пен жаңа жетістіктер тілейміз. Студенттердің беделді сахналарда бағын сынауға қашанда қолдау жасайтын Эстрадалық вокал кафедрасының ұстаздарына алғыс айтамыз.







