Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы ҚР Ғылым және Жоғары Білім Министрлігінен ғылыми және ғылыми техникалық қызмет субъектісі ретінде 5 жылға Аккредитетеуден өтіп, КУӘЛІК алды.
- Куәлік мемлектеттік бюджеттен, халықаралық ұйымдар мен қорлардан, бизнес, үкіметтік емес қорлар мен ұйымдардан қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар конкурсына қатысу үшін берілді.
Академияға Ғылыми Аккредитация алудың артықшылықтары:
– Академия бүгінгі уақытта РММ құқықтық ұйымдастыру формасына байланысты шекеулерге қарамастан, ҚР Ғжәне ЖБМ “М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтымен” концорциумға отырып, Республикалық гранттық жобаларға қатысуды жалғастыра алады.
– Халықаралық “Болашақ” 500 ғалым баағдарламасы бойынша шетелдік үздік Университтер мен зерттеу орталықтарына барып тағылымдамадан өте алады.
– Халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларын әлемнің үздік шығармашылық жоғары оқу орындарымен бірлескен жобаларға қатыса алады.
Аккредитация (әсіресе ғылыми немесе мамандандырылған аккредитация) — бұл академияның қызметінің жоғары мемлекеттік немесе халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетінін ресми растайтын стратегиялық маңызды шешім. Бұл процесс барлық қатысушылар үшін маңызды артықшылықтар береді: академияның өзіне, студенттерге, оқытушыларға және ғылыми қоғамдастыққа дамуына жол ашатын құжат.






