2025 жылдың 28-29 қараша күндері қазақ театр педагогикасының негізін қалаушы, Қазақстанның халық әртісі, профессор Асқар Тоқпановтың туғанына 110 жыл толуына орай, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Қазақ театр педагогикасы және қазіргі білім беру саласындағы жаңа үрдістер» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді. Конференция бағдарламасы аясында бірқатар маңызды іс-шаралар жоспарланған.







