2025 жылдың 20-21 қараша күндері Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «8D021 – Өнер» Диссертациялық кеңесінде 3 докторант өздерінің диссертацияларын сәтті қорғап, философия докторы (PhD) дәрежесін иеленді.
20 қарашада:
- Аухадиев Ильзат Ришатович – «6D040600 – Режиссура» мамандығы бойынша;
- Исалиев Алибек Темиржанович – «8D02197 – Хореография» білім беру бағдарламасы бойынша.
21 қарашада:
- Цой Анна Вадимовна – «8D02111 – Хореография режиссурасы» білім беру бағдарламасы бойынша;
Академия ұжымы жас ғалымдарды осы маңызды жетістіктерімен құттықтай отырып, оларға шығармашылық табыс, жаңа ғылыми белестер мен жемісті еңбек тілейді!









