2025 жылғы 4 желтоқсан күні Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Алмалы ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен өнер ордасының студенттеріне интерактивті кездесу өтті. Іс-шара «Заң және Тәртіп» республикалық идеологиясын іске асыру, сондай-ақ жасөспірімдер мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталды.
Интерактивті ағартушылық сессия барысында қылмыстық заңнаманың нормалары түсіндіріліп, құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары баяндалып, сондай-ақ жастар ортасындағы өзекті мәселелер талқыланды.
Әлеуметтік тәрбие жұмысы және жастар саясаты бөлімінің айтуынша, мұндай іс-шараларды тұрақты өткізу жастардың құқықтық сауатын арттыруға, саналы шешім қабылдауына және өз болашағы үшін жауапкершілікті сезінуге ықпал етеді.







