Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан Жазушылар одағы бірлесіп жүзеге асырып келе жатқан «Жаңа Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы» жобасы жас жазушыларды қолдауды және Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасын жасауды мақсат тұтады.
Биыл аталған жобаға Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Өнертану факультетінің «Кинотеледраматургия» білім беру бағдарламасы бойынша 3-курс студенті Мәдениет Феруза қатысты. Нәтижесінде «Аққалқам» атты тұңғыш романы жарық көріп, тұсаукесер рәсімі жасалды. Тырнақалды туындының ғылыми жетекшісі – Кино тарихы мен теориясы кафедрасының аға оқытушысы, өнертану магистрі, драматург Қолғанат Мұрат.
Жарық көрген жаңа кітаптың таныстырылымы құтты болсын! Жас қаламгер студентімізді шығармашылық жетістігімен құттықтай отыра, алдағы еңбегіне шалқар шабыт тілейміз.









