Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері Алғыс айту күні қарсаңында «Шаңырақ» қарттар үйіне барып, мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – үлкен буын өкілдеріне жанашырлықпен қарап, өзара құрмет көрсетіп, алғыс білдіру болды.
Студенттер көктемнің алғашқы күнінде ізгі әрі маңызды іс-шара ретінде концерт қойып берді. Арнайы дайындалған концерттік бағдарламада түрлі жанрдағы әндер ән айтылып, күйлер орындалды. Студенттер өзара айтыс ұйымдастырып, көреременді ерекше әсерге бөледі.
Ұрпақтар сабақтастығын нығайтатын осындай іс-шаралардың жастар үшін тәрбиелік мәні зор. Көпті көрген үлкендер жағы жастарға батасын беріп, алғысын жаудырды.







