2026 жылғы 18–19 наурызда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Хореография» білім беру бағдарламаларының тобы бойынша XVIII Республикалық пәндік олимпиада өтті.
Олимпиадаға еліміздің жеті жоғары оқу орнынан командалар қатысты:
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (Алматы);
Қазақ ұлттық хореография академиясы (Астана);
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (Алматы);
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы);
М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті (Тараз);
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті (Шымкент);
Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (Түркістан).
«Хореография» факультетінен олимпиадаға академияның келесі студенттер қатысты:
1. Болат Малика (3 курс, Хореография педагогикасы)
2. Омар Қарақат (3 курс, Хореография педагогикасы)
3. Мариева Мариям (4 курс, Хореография педагогикасы)
4. Оразханова Дария (4 курс, Хореография педагогикасы)
«Хореография» факультетінің командасын дайындаған оқытушылар:
1. Молдахметова Алима Талғатқызы — философия докторы (PhD), доцент, «Балетмейстерлік өнер» кафедрасының меңгерушісі;
2. Сосновская Виталина Валентиновна — «Хореография педагогикасы» кафедрасының оқытушысы.
Олимпиада қорытындысы бойынша «KazNAI ballet» командасы екінші орынға ие болды.












