Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар кафедрасы 16 сәуіркүніЫбырай Алтынсариннің 185 жылдық мерейтойына арналған «ХХІ ғасырдағы ғылым, білім және өнер: даму векторлары, қиындықтар және интеграция» атты студенттер мен жас ғалымдардың VII халықаралық ғылыми-теориялық конференциясынөткізеді.
Конференцияны өткізудің мақсаты: гуманитарлық ғылымдар мен өнердің өзекті мәселелері бойынша заманауи ғылыми ақпарат пен практикалық тәжірибе алмасу, сондай-ақ кирилл әліпбиі негізінде тұңғыш қазақ әліпбиін жасап, халық үшін зайырлы мектептер желісін ашқан және қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаған ағартушы-педагог, жазушы, этнограф, фольклорист, қоғам қайраткері Ыбырай (Ибрагим) Алтынсариннің (1841–1889) өмірі мен қызметі үлгісінде қазақстандық жастардың ғылыми дүниетанымын, ұлттық өзіндік санасын және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру.
VIІ Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның өтетін орны мен уақыты: Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-сының кинозалы. Алматы қаласы, Панфилов көшесі, 127. 2026 жылдың 16 сәуірі, басталуы сағат 10.00.
Конференцияның негізгі бағыттары:
- Ы.Алтынсарин: өмірі, мұрасы және педагогикалық идеялары
- Ғылым және білім: мәселелер мен интеграция жолдары
- Сандық дәуір және өнер.
Конференцияға Венгрия, АҚШ, Башкирия, Өзбекстан, Латвия, Шешенстан Республикасы, Тәжікстан және Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының жас оқытушылары, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысады.
Өту форматы офлайн және онлайн ZOOM платформасында (конференцияға басқа қаладан қатысушылар үшін) өтеді.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.







