Профессор Бишнуприя Даттың халықаралық дәрістері мен шеберлік сабақтары өтті | ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ
kz ru en

ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

  • Біз туралы
    • Басшылық
    • Қызметтер және бөлімдер
    • Факультеттер
    • Ғылыми кеңес
  • Академия
    • Құжаттар
    • Вакансиялар
    • Оқу процесі
    • Күміс университеті
    • Шығармашылық жұмыстар
    • Оқу театры
    • КӨРМЕЛЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТУЫНДЫЛАРДЫ САҚТАУ
    • Біліктілікті арттыру бөлімі
    • Байланыстар
  • Талапкерлерге
    • Бакалавриат
    • Магистратура
    • Докторантура (PhD)
    • Ашық есік күндері
  • Студенттерге
    • PLATONUS
    • LMS Moodle
    • Сабақ кестесі
    • Академиялық ұтқырлық
    • Академиялық күнтізбе
    • Психологиялық қызметі
    • Реквизит
    • “Шәкен” кино клубы
  • Ғылым
    • ҚазҰӨА ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСІ
    • Ғылыми-инновациялық бөлімі
    • Ғылыми кадрларды даярлау бөлімі
    • Ғылыми-инновациялық бөлімі
  • Кітапхана
    • Электронды кітапхана
    • Электрондық каталог
    • Электрондық каталогта кәсіби іздеу
    • Оқырмандар кабинеті

ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

kz ru en

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

  • Біз туралы
    • Басшылық
    • Қызметтер және бөлімдер
    • Факультеттер
    • Ғылыми кеңес
  • Академия
    • Құжаттар
    • Вакансиялар
    • Оқу процесі
    • Күміс университеті
    • Шығармашылық жұмыстар
    • Оқу театры
    • КӨРМЕЛЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТУЫНДЫЛАРДЫ САҚТАУ
    • Біліктілікті арттыру бөлімі
    • Байланыстар
  • Талапкерлерге
    • Бакалавриат
    • Магистратура
    • Докторантура (PhD)
    • Ашық есік күндері
  • Студенттерге
    • PLATONUS
    • LMS Moodle
    • Сабақ кестесі
    • Академиялық ұтқырлық
    • Академиялық күнтізбе
    • Психологиялық қызметі
    • Реквизит
    • “Шәкен” кино клубы
  • Ғылым
    • ҚазҰӨА ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСІ
    • Ғылыми-инновациялық бөлімі
    • Ғылыми кадрларды даярлау бөлімі
    • Ғылыми-инновациялық бөлімі
  • Кітапхана
    • Электронды кітапхана
    • Электрондық каталог
    • Электрондық каталогта кәсіби іздеу
    • Оқырмандар кабинеті
8 727 272 97 72
(Қабылдау комиссиясы)
kaznai@art-oner.kz
Панфилов көшесі, 127, Алматы, Қазақстан
Басты Жаңалықтар Профессор Бишнуприя Даттың халықаралық дәрістері мен шеберлік сабақтары өтті
Профессор Бишнуприя Даттың халықаралық дәрістері мен шеберлік сабақтары өтті

28/03/2026

Жаңалықтар

Профессор Бишнуприя Даттың халықаралық дәрістері мен шеберлік сабақтары өтті

2026 жылғы 27–28 наурыз күндері Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кинозалы мен кітапханасында Бишнуприя Датт — Халықаралық Театр Зерттеушілері Федерациясының Президенті, Джавахарлал Университеті “Өнер және эстетика мектебінің” профессоры, PhD докторы — лекциялар мен шеберлік сабақтарын өткізді.

Шеберлік сабақтарының тақырыптары:

  1. “Тарихи жадыны қайта жаңғыртудағы батыл әрекеттер және отарлық байланыстардан арылу кеңістіктері: Үндістан мен Ұлыбритания театрлары мен перформанстарындағы жаңа серпіндер”
  2. “Артивизм: үнділік әйел орындаушылар және бірегейлікті қалыптастыру”

Іс-шараға Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы, магистранттар мен PhD докторанттар қатысты. Лекциялар жоғары ғылыми деңгейде өтіп, тыңдаушылардың белсенді қатысуымен мазмұнды пікірталас ұйымдастырылды.

Талқылау барысында қатысушылар заманауи театрдағы деколониалдық үдерістер, тарихи жады, гендерлік перформативтілік және өнер мен белсенділіктің (artivism) өзара байланысы мәселелерін талқылады. Әсіресе екінші тақырып — әйел орындаушылардың өнердегі және қоғамдағы рөлі, олардың жеке және ұжымдық бірегейлікті қалыптастырудағы маңызы ерекше қызығушылық тудырды.

Профессор Bishnupriya Dutt өз баяндамасында artivism ұғымын өнер мен саяси белсенділіктің тоғысуы ретінде қарастырып, оның постколониалдық қоғамдағы рөлін атап өтті. Үндістандағы феминистік перформанс тәжірибелері мысалында қазіргі театрдың әлеуметтік әділеттілік, гендерлік теңдік және демократиялық құндылықтарды нығайтудағы ықпалы көрсетілді.

Сонымен қатар, профессор Бишнуприя Датт Орталық Азияда алғаш рет Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мен Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты шығармашылық ұйымдармен бірлесіп, болашақта 700–1000-ға жуық әлем ғалымдарының қатысуымен International Federation for Theatre Research халықаралық конференциясын өткізу жоспарланып отырғанын атап өтті.

Сондай-ақ, International Federation for Theatre Research бастамасымен Академия базасында Орталық Азия мен әлем елдерінің жас зерттеушілері, магистранттары мен PhD докторанттарына арналған халықаралық Summer School бағдарламасын ұйымдастыру жоспарлануда.

Бұл іс-шаралар Академияның халықаралық ғылыми ынтымақтастығын нығайтып, театр және перформанс зерттеулері саласындағы жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Іздеу

Хабарландырулар

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ!

17.04.2026

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ!

XVIIIреспубликалық пәндік олимпиадасының ІІ республикалық кезеңі

10.04.2026

XVIIIреспубликалық пәндік олимпиадасының ІІ республикалық кезеңі

Ғылым апталығы аясында өткізілетін «Көркемсурет» кафедрасының Мерейтойлық көрмелер және Дөңгелек үстелдер:

10.04.2026

Ғылым апталығы аясында өткізілетін «Көркемсурет» кафедрасының Мерейтойлық көрмелер және Дөңгелек үстелдер:

«BAIKONUR+07 –  Сан мен сана өнер кеңістігінде»

08.04.2026

«BAIKONUR+07 –  Сан мен сана өнер кеңістігінде»

  • Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
  • Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
  • “Таза Парақтан” Реттеу жобасы туралы
  • Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

Санаттар

  • Вакансиялар
  • Жаңалықтар
  • Хабарландырулар

Біздің әлеуметтік желілеріміз

Қабылдау комиссиясы

БАКАЛАВРИАТ:

8 (727) 272-46-74

МАГИСТРАТУРА:

8 (727) 338-35-61

Академияның ресми сайтына қош келдіңіздер! Біз өз жұмысымызда ашықтық, инклюзивтілік және қоғамға деген ықпал жасауға ұмтыламыз. Сіздің қолдауыңыз бен қатысуыңыз біз үшін өте маңызды.

Академия

Құжаттар

Электрондық пошта:

kaznai@art-oner.kz

Ректордың қабылдауы:

8 (727) 338-35-55

Баспасөз қызметі:

8 (747) 331-43-24

© 2025 ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ.