2026 жылғы 20–22 сәуірде Қазақ ұлттық хореография академиясында (Астана) халықаралық би күніне орай Халықаралық жас хореографтар байқауы өтті.
Ауқымды шығармашылық оқиға Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Өзбекстан және Әзірбайжаннан келген жас хореографтарды біріктірді.
Іс-шара аясында қатысушылар үшін Қазақ биі бойынша шеберлік сыныбын философия докторы (PhD), доцент, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Балетмейстерлік өнер» кафедрасының меңгерушісі Молдахметова Алима Талғатқызы өткізді.
Байқауға Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Хореография» факультетінің студенттері қатысты: Батаева Амина (Балетмейстерлік өнер, 1 курс), Артықбаева Асем (Балетмейстерлік өнер, 2 курс), Орехова Стефания (Заманауи хореография педагогикасы, 3 курс), Искандыров Әліби (Заманауи хореография педагогикасы, 3 курс), Кибиров Фаим (Балетмейстерлік өнер, 4 курс).
Бағалауының қорытындысы бойынша қазылар алқасы арнайы сыйлықтар тағайындады.
Ирма Кардано құрған «Barcelona Ballet Project» жазғы тағылымдамасы арнайы жүлдесін Фаим Кибиров алды.
III дәрежелі лауреаты «Балетмейстерлік өнер» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Кибиров Фаим атанды.
II дәрежелі лауреаты «Хореография педагогикасы» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Искандыров Әліби атанды.
Студенттерді, сондай-ақ олардың жетекшілерін «Балетмейстерлік өнер» кафедрасының доценттері Габбасова Гүлмира Надымовна мен Габбасова Гүлнара Надымовнаны құттықтаймыз!




















