Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Нұршаева Дана Ташкентте өткен халықаралық жарыста жеңіске жетті.
2026 жылдың 20-23 сәуір аралығында Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында Taekwondo ITF-тен «Pride Open 2026» халықаралық турнирі өтті. Айтулы додада бақ сынаған «Мультимедиялық сценография» мамандығының 4-курс студенті Нұршаева Дана үздік нәтиже көрсетіп, алтын медальді иеленді.
Академия ұжымы Дананы халықаралық аренадағы жарқын жеңісімен және спорттағы жетістігімен құттықтайды! Шығармашылық пен спортты қатар алып жүрген студентімізге алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз.








