2026 жылдың 29 мамырында «Жас Сахна» театрының сахнасында Гульмира мен Гульнара Габбасовалардың шығармашылық қызметінің қырық жылдығына арналған шығармашылық кеші өтті.
Көрермендерге хореографтардың ортақ қолжазбасымен біріктірілген үш спектакльдердің тұсау кесері ұсынылды:
I бөлім: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік академиялық би театрының балет әртістерінің орындауындағы «Сөзсіз» балеті.
II бөлім: Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Хореография» факультетінің түлектерінің орындауындағы «Өмір энергиясы» спектаклі.
III бөлім: Гульмира мен Гульнара Габбасовалардың орындауындағы «Бір немесе екі» спектаклі.
Режиссура, хореография, костюмдердің авторлары Гульмира мен Гульнара Габбасовалар.































