15.09.2026 ж. Ғылыми кадрларды даярлау бөлімі 1 курс магистранттары үшін таныстыру семинарын өткізді
Семинар барысында магистранттар магистратураның ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыттары бойынша оқыту ерекшеліктерімен, білім беру бағдарламасының құрылымымен, ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысына қойылатын талаптармен, магистрлік диссертация (жоба) тақырыбын бекіту тәртібімен және ғылыми жетекшіні тағайындаумен танысты. Педагогикалық, зерттеу және өндірістік практикадан өту, міндетті ғылыми тағылымдамадан өту, Жариялау белсенділігі және плагиатқа магистрлік диссертацияны тексеру мәселелеріне ерекше назар аударылды.










