16–21 қыркүйек аралығында «Көркемсурет» кафедрасының аға оқытушысы Құралай Умбетова және кафедра түлегі Мөлдір Сағындықова Әзербайжан Республикасында өткен «Түркі әлемінің суретші әйелдері» халықаралық шығармашылық іс-шарасында Қазақстан Республикасының атынан өнер көрсетті.
Аталған көрме түркі әлемі елдерінен келген талантты суретші әйелдерді біріктіріп, шығармашылық байланыстар орнатуға, мәдениет пен өнер саласындағы тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Көрме аясында әртүрлі елдерден келген суретші әйелдердің көркем туындылары көпшілік назарына ұсынылды.
Әзербайжан Республикасына қонақжайлығы мен өнерге деген құрметі үшін, сондай-ақ осы маңызды шығармашылық жобаның жүзеге асуына атсалысқан барша ұйымдастырушылар мен қатысушыларға шынайы алғысымызды білдіреміз.
Сонымен қатар, көрсеткен қолдауы үшін Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының төрағасы Жұбаниязов Өмірбек Орынбасарұлына ерекше ризашылығымызды білдіреміз.











