2026 жылдың 30 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми жұмыстарының жыл сайынғы байқауын ұйымдастыру бойынша семинар өтті.
Семинарға өткен СҒЗЖ байқауының жеңімпаздары, Академия оқытушылары мен студенттері қатысты.
Академияның ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Халықов Қабыл Заманбекұлы студенттердің Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсына қатысуы мен жеңіске жетуінің маңыздылығын атап өтті, өйткені бұл магистратура мен докторантураға түсу кезінде ескеріледі.
Өткен жылғы байқаудың 2-кезеңінің жеңімпаздарының ғылыми жетекшілері Республикалық ғылыми зерттеу байқауына қатысу тәжірибесімен студенттермен бөлісті:
Баймуханова Жанат Азимхановна, «Сценография» кафедрасының доценті.
Нөгербек Баубек Бауыржанұлы, «Кино тарихы және теориясы» кафедрасының доценті, PhD доктор.
Тұрмағанбет Жансая Ерлікқызы, «Театр өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының оқытушысы, магистр.
Ғылыми-инновациялық бөлімінің басшысы Шынар Өмірғалиқызы Оразғалиева оқытушылар мен студенттерді СҒЗЖ байқауының талаптарымен таныстырды.
Семинарды ұйымдастырушы: Ғылыми-инновациялық бөлімі.







