2026 жылғы 27 қазанда Кескіндеме, мүсін және дизайн факультетінің Сәндік өнер кафедрасында қолөнер шебері, суретші Айжан Абдубаитованың қатысуымен шығармашылық кездесу өтті.
Айжан Абдубаитова – ұлттық қолөнерді заманауи сән өнерімен ұштастырып жүрген дизайнер, алтын жіппен кестелеудің дәстүрлі техникасы – зерлеу өнерінің маманы әрі «Зерлеу» авторлық үйінің негізін қалаушы. Оның шығармашылығы ұлттық нақышты сақтай отырып, дәстүрлі кестелеу өнерінің мүмкіндіктерін қазіргі киім дизайнында қолдануға бағытталған.
Кездесу барысында студенттер шебердің шығармашылық жолымен, кәсіби тәжірибесімен және техниканың тың ерекшеліктерімен танысты. Сонымен қатар қатысушылар алтын жіппен кестеленіп, ұлттық нақышта безендірілген авторлық киім үлгілерін тамашалады. Танымдық кездесу студенттерге еліміздің мәдени мұрасын, сәндік-қолданбалы өнердің сан қырын жақынырақ танып, ұлттық нақышты шығармашылық жобаларда қолдануға мүмкіндік береді.





