Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Әділетті қоғам құр» жобасы аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты кітабын насихаттауға арналған студенттермен кездесу өтті.
Іс-шара барысында әділетті қоғам қалыптастыру, жастардың қоғамдық өмірге қатысуы және азаматтық жауапкершілігі мәселелері талқыланды. Қатысушылар әділдік, ашықтық және заңға құрмет құндылықтарының қоғам дамуындағы орны туралы пікір алмасты.
Сондай-ақ Президент реформаларының маңызды бағыттары саналатын «Заң мен тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» бастамасының мәні түсіндірілді. Заң талаптарын сақтау, қоршаған ортаға ұқыпты қарау және қоғамдық жауапкершілікті арттырудағы жастардың рөліне назар аударылды.
Студенттерге Омбудсменнің қызметі, негізгі міндеттері мен жұмыс қағидаттары туралы ақпарат берілді. Адам құқықтарын қорғау, құқықтық сауаттылықты арттыру және қоғамда заңға құрмет қалыптастыру мәселелері сөз болды.








