Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету залында «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының театртану және өнертану бағытындағы жаңа басылымдарының тұсаукесері өтті.
Іс-шарада «Қазақстандағы заманауи сәулет, дизайн, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнердегі ұлттық романтизм мен мәдени бірегейлікті сақтау», «Әлем өнертануы / Мировое искусствознание», «Ұлттық театр өнері: тарих және уақыт» ұжымдық монографиясы және «Өнертану: терминологиялық корпус» еңбектері таныстырылды.
Тұсаукесер барысында ғалымдар, зерттеушілер мен өнертанушылар басылымдардың мазмұны, ғылыми маңызы және отандық мәдениет пен өнерді зерттеуге қосар үлесі туралы пікір алмасты. Ұлттық өнердің даму үдерістері, мәдени бірегейлікті сақтау, театр тарихын зерделеу және өнертану терминологиясын жүйелеу мәселелері сөз болды.
Таныстырылған еңбектер ұлттық мәдени мұраны тереңірек тануға, өнер саласындағы ғылыми ізденістерді кеңейтуге және болашақ мамандардың кәсіби білімін толықтыруға мүмкіндік береді.
Іс-шара оқырмандарды жаңа ғылыми әдебиеттермен таныстыруға, кітап оқу мәдениетін қолдауға және өнер саласындағы зерттеулерге қызығушылықты арттыруға бағытталды.







