Жоғары оқу орнының түлектеріне мемлекеттік қызметке конкурссыз орналасу мүмкіндігі
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 6-тармағының 5) тармақшасына сәйкес жоғары оқу орындарын жоғары оқу үлгерімімен аяқтаған түлектерге «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына конкурс өткізілмей орналасу мүмкіндігі қарастырылған.
Түлектер аудандық және ауылдық деңгейлердегі басшылық емес мемлекеттік лауазымдарға қабылдана алады.
Осы мүмкіндіктер туралы түлектердің хабардарлығын арттыру және олардың мемлекеттік қызметке орналасуына жәрдемдесу мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі eQyzmet.gov.kz порталында «Түлектерге арналған бос орындар» бөлімін іске қосты.
Аталған бөлім арқылы түлектер:
- аудандық және ауылдық деңгейлердегі бос мемлекеттік лауазымдармен таныса алады;
- мамандығына сәйкес жұмыс орнын таңдай алады;
- мемлекеттік қызметке орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат ала алады;
- кәсіби еңбек жолын мемлекеттік қызметтен бастай алады.
Жоғары оқу орындарының түлектерін ұсынылған мүмкіндікті пайдаланып, мемлекеттік қызмет саласындағы бос жұмыс орындарымен танысуға шақырамыз!
Бос жұмыс орындары:




