02-03.11.2026 Александр Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінде заманауи хореография бойынша шеберлік сыныптары өтті.
Оны Данияның белгілі балет әртісі және хореографы Себастья Клоборг өткізді. Шеберлік сабақтарына Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Хореография» факультетінің «Балетмейстерлік өнер» білім беру бағдарламасының және «Заманауи хореография педагогикасы» дайындық бейінінің 3–4 курс студенттері қатысты. Шеберлік сабақтарына қатысуға мүмкіндік бергені үшін Александр Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесіне алғыс айтамыз!






