«Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының жанынан құрылған фольклорлық лабораториясы
2012 ж. «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының жанынан фольклорлық лабораторияның ашылуы қазақ музыкасының дәстүрін зерттеу мен дамытуда маңызды қадам болды. Лаборатория құрылуының басты мақсаты – халықтық музыка мен фольклорды терең зерттеу, оны жинақтап, ғылыми тұрғыдан зерделеу және қазіргі заман талабына сай насихаттау.
«Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының сол кездегі меңгерушісі —Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Рамазан Стамғазиев және лабораторияның алғашқы меңгерушісі Айгерим Тайгулова жетекшілігімен, ұлттық музыканы жинақтау мен сақтауда көптеген маңызды бастамалар жүзеге асты.
Фольклорлық лаборотория ашылған күннен бастап, еліміздегі және шет елдерге көптеген экспедициялар ұйымдастырып, білім алушыларға жетекшілік еткен «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының профессоры Төлен Қайырғазы — ұлттық музыкалық мұраны зерттеу мен насихаттау ісінде маңызды еңбек сіңірді.
2014 ж. наурыз айында, кафедра ұстаздары Стамбул қаласында TIKA-ның демеушілік қолдауымен және Түркия қазақтары қауымдастығымен бірлесе өткізген «Қош келдің Әз-Наурыз» дөңгелек үстеліне қатысып мерекелік концерт өткізді. Осы сапар барысында Түркия мемлекеті, Нигде каласында өткен «І – Халықаралық түркі әлемі зерттеулері симпозиумына» қатысып «Сыбызғы жайлы сыр шертсек» атты баяндама жасалды.
2014 ж. 03-16 шілде аралығында Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Музыкалық өнер» мен «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультеттерінің оқытушылары мен студенттерінен құралған арнайы фольклорлық экспедициясы Моңғолия Республикасында ғылыми зерттеулер жүргізіп келді. «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының студенттерін басқарған профессор Төлен Қайырғазы, Баян-Өлгей аймағында мекендейтін қазақ ұлтының сақталып қалған көне дәстүрлі ән-күйлерін аудио-видео таспаларына жазып алу жұмыстарын жүргізді. Натижесінде осы жиналған кұнды мағлұматтар қағаз бетіне тусіріліп «Ақшоқы» ноталық жинақ кітабы, «Назқоңыр» — CD дискісі, деректі фильмі және фотокөрмесі жасалынды.
2015 ж. маусым айында, Башқұртстан мемлекетінде «Бердэмлек-Достық-2015» атты халықаралық ұлттық мәдени фестивалі өтті. Бұл фестивальге кафедра ұстаздары мен студенттер қатысып, өнер көрсетті. Фестивальге тоғыз елдің (Қазақстан, Ресей, Қытай, Бразилия, Үндістан, ЮАР, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан) өнерпаздары қатысты.
Мамыр-шілде айларында, Моңғолия еліне фольклорлық экспедиция ұйыдастырылып, кафедра жанынан құрылған фольклорлық лабороториясы қорына Моңғолия Республикасының озат қызметкері дәулескер күйші Сейіт Жұмажанұлының орындауында халық күйлерімен қатар төл туындылары дыбыс жазу студиясында жазып алынды.
2017 ж. кафедра оқытушысы Сырым Нұрмолдин Түркия мемлекеті, Эрзинджан қаласының консерваториясында шеберлік классын жоғары деңгейде өткізіп, біліктілігін артырып қайтты.
«Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасымен, кафедра жанындағы фольклорлық лаборатория бірлесе, кафедра ұстазы Нұржан Жанпейсовтың ҚР халық әртисі Дәнеш Рақышевтың 90 жылдық мерейтойына орай, «Саясында алманың» атты жеке әндер жинағы, «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының доценті Рамазан Стамғазиевтің «Домбырамен ән айту мектебі» атты оқу құралы, кафедра доценті Талғат Мұқышевтың «Сыбызғы үйрену мектебі» атты оқу құралы, кафедра ұстазы Шолпан Даржанованың «Алатау әуендері» атты әндер жинағының түсаукесері өткізілді.
2017 ж. мамыр-шілде айларында, Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлтттық өнер академиясы мен Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлтттық консерваториясы бірлесе, Моңғолия еліне фольклорлық экспедициямен іс-сапарға барып қайтты. Экспедиция жетекшісі «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының профессоры Қайырғазы Төлен, кафедра доценті, сыбызғышы Талғат Мұқышев пен оның шәкірті Азамат Бақия. Моңғолия Республикасының озат қызметкерлері қобызшы Ләстай Қабікейқызының, сыбызғышы Тілеубек Мұсаұлының орындауында халық ән-күйлерімен қатар төл туындылары дыбыс жазу студиясында жазып алынды.
Жылдар бойы фольклорлық лаборатория музыкалық мұраны жинақтап, зерттеу жұмыстары белсенді түрде жүргізілді. Бұл зерттеулердің нәтижесінде көптеген әндер мен күйлер жазылып, олар жүйеленіп, түрлі оқу-құралдар мен ноталық жинақтар түрінде жарияланды. Бұл жұмыстар қазақтың дәстүрлі музыкалық мұрасын сақтап қана қоймай, сонымен қатар оны жаңа ұрпаққа жеткізу, оқу орындарында қолдану үшін де аса маңызды болды.
2023 ж. қыркүйек айынан бастап фольклорлық лаборотория меңгерушісі өнертану ғылымдарының магистрі, домбырашы, оқытушы Муканов Жанат. Фольклорлық лабораторияның қызметі жастарды қазақтың музыкалық мұрасына деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталады. «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының меңгерушісі, доцент «Мәдениет саласының үздігі» Даржан Шолпанның жетекшілігімен оқу бағдарламалары, мастер-класстар мен ғылыми іс-шаралар ұйымдастырылып, жас зерттеушілер мен орындаушыларды тәрбиелеу маңызды орын алды.
2024 ж. әнші, жазушы, өнер зерттеуші Жәнібек Кәрменовтың 75 жыл толуына орай, «Адам боп келіп өмірге, адам боп өтсем тілегім…» атты іс-шара аясында мастер-класс пен дөңгелек үстелді ұйымдастырылды. Сәуір айында «Башқұрт дәстүрлі музыкасының қалыптасу кезеңдері» атты мастер-класс өтті. Башқұртстаннан келген қонақ БР еңбек сіңірген әртісі, Загир Исмагилов атындағы Уфа мемлекеттік өнер институтының «башқұрт музыкасы» факультетінің доценті Венер Елкибаев.
Қазақтың дәстүрлі музыкасының ұлы тұлғаларының мерейтойлары жылдар бойы мәдениетіміздің тарихында айрықша орын алып келеді. Шертпе күй шебері Уәли Бекеновтың 90-жылдығы, әнші Жүсіпбек Елебековтің 120-жылдығы, ақиық әнші, ұстаз Ғарифолла Құрманғалиевтің 115-жылдығы, әнші-ақын, халық композиторы Кенен Әзірбаевтың 140-жылдығы аталып өтті.
2025 ж. 04 сәуірінде «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасы ұстаздары мен студенттерінің есептік концерті өтті. Концерт аясында, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, доцент Нұржан Жанпейісовтың, Қазақстанның Халық әртісі, әнші-композитор Дәнеш Рақышевтың шығармашылығына арналған «Ән салайын» кітабының тұсауы кесілді.
14 мамырда күйші, ұстаз Нұрлан Түменбаев пен «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының доценті, ҚР Мәдениет қайраткері Мұрат Әбуғазы жинақтаған «Көне Тараздың күмбірлі күйлері» кітабының тұсаукесері өтті. Қазақ халқының күйшілік өнері – теңіздей терең, дархан даламыздай кең, саф алтындай баға жетпес рухани асыл мұрамыз. Бұл кітапта көне Тараз қаласының айналасындағы, қазіргі Жамбыл облысы аймағының күйшілік өнері жан-жақты зерттеліп, 19-20 ғ. өмір сүрген және бүгінгі композиторлардың күйлері еніп отыр.
2025 жылдан бастап фольклорлық лабораторияның меңгерушісі – Мұқамаева Айдана Нұрсәбетқызы.
«Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының жанынан құрылған фольклорлық лаборотория ұлттық музыканың маңызын сақтап қана қоймай, күннен күнге дамып, көне сарындар мен байырғы саздылықтың сақтаушысы болып келеді.
Іздеу
Хабарландырулар

30.10.2026

27.10.2026

