2026 жылғы 13 қарашада сағат 11:00-де «Тәжірибе, жұмысқа орналастыру және кәсіби бағдар беру» бөлімінің ұйымдастыруымен HeadHunter өкілдерінің қатысуымен «2026 жылдың ІІІ тоқсанындағы еңбек нарығы: түйіндемені дұрыс толтыру және сұхбаттан сәтті өту жолдары» тақырыбында семинар өтеді.
Семинар барысында еңбек нарығындағы өзекті үрдістер, түйіндемені сауатты құрастыру және жұмыс сұхбатынан сәтті өту тәсілдері туралы пайдалы ақпарат беріледі.
Академияның 2026 — 2027 оқу жылындағы бітіруші түлектерін семинарға қатысуға шақырамыз!




