Наргиз Шүкеновамен мәдени жобаларды продюсерлеу және жүзеге асыру мәселелеріне арналған кездесу өтті.
Кездесу барысында қатысушылар мәдени бастамаларды әзірлеу мен ілгерілетудің заманауи тәсілдерін, шығармашылық жобаларды ұйымдастыру ерекшеліктерін, сондай-ақ мәдениет пен өнер саласындағы өзекті үрдістерді талқылады.
Кездесу ашық пікір алмасуға, кәсіби тәжірибе бөлісуге және креативті индустриядағы жұмыстың практикалық қырларын талқылауға мүмкіндік берді.
Наргиз Шүкеноваға мазмұнды әңгімесі, кәсіби көзқарасы және құнды тәжірибесімен бөліскені үшін алғыс білдіреміз!




