Қазақстан Республикасы Құрылтайының Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті жанынан (бұдан әрі – Комитет) отандық ғылымды дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға және заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге бағытталған Ғылым жөніндегі сараптамалық кеңес құрылды.
Аталған мәселелерді жан-жақты пысықтау үшін зерттеу қызметінде практикалық тәжірибесі бар ғылыми-зерттеу институттарының, ғылыми орталықтардың, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғалымдары мен мамандарының қатысуы қажет.
Осыған байланысты мүдделі ғалымдар мен мамандарды Комитеттің сараптамалық жұмысына қатысуға шақырамыз.
Ғылыми қоғамдастықтың ұсыныстары ғылыми зерттеулерді қаржыландыру, ғылыми конкурстар мен сараптаманы ұйымдастыру, ғылыми ұйымдардың материалдық-техникалық базасын дамыту, ғылыми кадрларды даярлау және қолдау, сондай-ақ зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру және өндіріске енгізу мәселелерін қамтуы мүмкін.
Ұсыныстарды әзірлеу кезінде ұйымдар мен мамандарға нақты мәселені көрсету, оны негіздеу және заңнамаға қажетті өзгерістер енгізуді қоса алғанда, ықтимал шешу жолдарын ұсыну ұсынылады.
Ұсыныстар мен бастамаларды жолдау үшін Құрылтайдың ресми сайтында «Қызмет» – «Сараптамалық кеңестер» бөлімі қарастырылған. Бұл бөлімде Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетін және тиісті бағытты таңдау қажет.
Барлық мүдделі ғалымдар мен мамандарды көрсетілген бағыттар бойынша өз ұсыныстары мен бастамаларын Құрылтайдың ресми сайтындағы тиісті бөлім арқылы жолдауға шақырамыз.



