Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Театр өнері факультеті, «Кино және театр әртісі» мамандығының 4-курс студенті Берікқызы Сымбатты «Қазақ Аруы 2021» сұлулық байқауында I орынды иеленуімен құттықтаймыз! 


Шара 8 желтоқсан күні Алматы қаласындағы Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында өтті. 17 желтоқсан күні «Хабар» арнасынан көре аласыздар.


Студентімізге алдағы уақытта шығармашылық шабыт, кәсіби өрлеу тілейміз. Жеңісті күндер көп болсын!