Абзелбаев Мурат Назтаевич
Сахна тілі кафедрасының оқытушысы
профессор
Мәдениет қайраткері, ҚР Көркемөнер академиясының корреспондент мүшесі
- Академиялық және практикалық тәжрибе: Педагогикалық және шығармашылық жұмысына 42 жыл, 1980 жылдан Т.Жүргенов атындағы ҚҰӨА-сы,
- Оқитын пәндері: Сахна тілі, дикторлық өнер, шешендік өнер
- Шығармашылық, ғылыми-зерттеу және инновациялық қызмет: 400 – ден аса Республикалық және Халықаралық деңгейдегі конкурстық – концерттік бағдарламалар жүргізіп, 3000 – нан аса деректі, телевизиялық фильмдерді аударып дыбыстандырды (олардың көпшілігі Мемлекеттік Алтын қорға енген).
«Алатау» ұлттық телеарнасының бірінші дикторы, Халықаралық «Азия дауысы», «Жас қанат», «Жібек жолы Аруы», «Кіндік Азия Аруы» конкурстарының, «Наурыз», «Орта Азия, Қазақстан және Әзірбайжан шығармашыл жастары», «Студент көктемі» фестивальдерінің, «Ана жұрттан Ата мекенге сәлем» (Қазақстан — Түркия), «Саяхат әлемі», «Бөбек қоры», «Президент сайлауы», «Республика күні» телеморофондарының, «Орбұлақ шайқасына 350», «Ұлы Абайға — 150», «М.Әуезовке — 100», «Қазақ хандығына 550 жыл» т.б. театрландырылған қойылымдардың алғашқы жүргізушісі әрі редакторы болып, Ш.Айтматов, М.Шаханов, И.Сапарбай тәрізді Мемлекетіміздің ондаған ақын – жазушылары мен қоғам қайраткерлерінің шығармашылық кештерін ұйымдастырып өткізді.
Жарияланымдар:
- 1. «Тіл мәдениеті –ел мәдениеті». Мақалалар жинағы. Ш., 1993 ж.
- 2. «Заманауи сахнадағы және экрандағы әрекетті сөз». Мақалалар жинағы. А.,1997 ж.
- 3. «Радио және теледидар дикторының тіл техникасы». Оқулық, А., 2012 ж.
- 4. «Дем мен дауыс». Оқу — әдістемелік құралы. А., 2015 ж.
- 5.«Дикция және орфоэпия». Ғылыми-әдістемелік құрал. «ЗУМАР», Алматы 2017.ISBN 978-601 – 7035-01-3.56 б.
- 6. «Основы публичного выступления». Әдістемелік құрал. ИП «Александр». Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі. 1,2 б.т.
- 7. «Көпшілік алдында сөйлеудің негіздері» Әдістемелік құрал. ИП «Александр». Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі. 1,2 б.т.
- Тағы басқа ондаған мақалалары мен сұхбаттары мемлекеттік газет — журналдарда жарық көрген.
Марапаттар: Д.А.Қонаев атындағы медаль, ҚР президентінің «Алғыс хаты» және т.б. ондаған грамоталар мен алғыс хаттар
- Байланыс деректері: 87017203928
- Murat01.01.1958@mail.ru