АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!
Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Өнертану» факультеті және М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты 2022 жылдың 25-наурызы күні Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Тәуелсіз Платиналы «Тарлан» сыйлығының иегері, көрнекті театр сыншысы, профессор Әшірбек Төребайұлы Сығайдың 75 жасқа толуына орай «Бүгінгі театрлық процестегі өзекті мәселелер: теория және практика» атты Халықаралық ғылыми-теориялық (онлайн/оффлайн) конференция өткізеді.
Бұл конференцияға шетелдік және отандық танымал ғалымдар, қоғам және өнер қайраткерлері шақырылып отыр. Конференцияға магистранттар, докторанттар, жоғарғы оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары, өнертанушы ғалымдар қатыса алады.
Конференция төменде аталған бағыттарда жұмысын жасайды:
- Театр өнерінің бүгінгі өзекті мәселелері;
- Музыка және хореография өнерінің негізгі даму тенденциялары;
- Бейнелеу және сәндік қолданбалы өнердегі заманауи ізденістер;
- Кино өнеріндегі инновациялық үрдістер;
Баяндамалар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қабылданады.
Баяндамалар мен мақалалар 2022 жылдың 15 наурызына дейін ұйымдастыру комитетіне tanu.14@mail.ru адресіне жолдануы қажет. Конференция жұмысына қабылданған мақалалар жинақ болып басылады. Қатысу жарнасы 5000 (бес мың) теңге (Каспий голд + 7 701 279 8681 Айдана Мұратқызы)
Конференцияға қатысушылар ұйымдастыру комитетімен алдын-ала хабарласқаны жөн. Алматыға келуге байланысты барлық шығындар баяндамашылардың өз есебінен болады. Санитралық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты конференцияның қатысушылары форматына (онлайн/оффлайн) байланысты деректер қосымша хабарланады.
Қатысу жөніндегі өтініште төмендегідей мәліметтер болуы керек:
- Аты-жөні.
- Ғылыми дәрежесі.
- Жұмыс орны.
- Баяндама аты.
- Мекен-жайы, E mail, телефоны.
Конференцияның пленарлық мәжілісі Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының мәжіліс-залында 25-наурыз сағат 14.00 де басталады.
Біздің мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Панфилов к-сі, 127. Тел: 8705 7404370 Меруерт Жақсылық және +7 701 327 90 29, (Амангелді Мұқан);
E mail: tanu.14@mail.ru
Ұйымдастыру комитеті
Мақалаға қойылар талаптар
Қаріптің өлшемі – 12, қаріп – Times New Roman, интервал – бір, абзац шегінісі – 1 см, шеттері: жоғары және төменгі – 2 см, солға және оңға – 2 см.
Мақала құрылымы:
Мақала тақырыбы қалың қаріппен, кіші әріптермен беріледі, жолдың ортасына тураланады.
Автор туралы мәлімет:
Мақаланың авторы (авторлары) – аты-жөні, тегі, жұмыс орны (ұйымы), қаласы, елі, телефон нөмірі, электрондық поштасы. Автор туралы ақпарат жай қаріппен кіші әріптермен жазылып, жолдың ортасына тураланады.
- Аннотация 100-150 сөз – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде
- Түйін сөздер (5-7 сөз) – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде
- Негізгі мәтін – 5-6 бет көлемінде болуы тиіс.
- Мақала соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімінің болуы міндетті.