• 21.11.2024

«Көркемсурет» кафедрасы

Білім беру бағдарламалары

Оқытушылар құрамы

«Көркемсурет» кафедрасының тарихы

 Алматы Мемлекеттік театр және көркем сурет институтының  көркем сурет факультетінің базасында, 1983 жылы «Монументалды роспись және монументалды пластикасы» кафедрасы болып ашылды. Кафедраны Қазақстан Халық Суретшісі профессор Х.Е.Наурызбаев басқарды.

1984 жылы «Монументалды кескіндеме» мамандығы жеке кафедра болып ашылды. Кафедра меңгерушісі болып КСРО СО мүшесі, доцент М.Г. Жакупалиев тағайындалды.

1991 жылы “Академиялық кескіндеме” кафедрасы ашылған.

Кафедра меңгерушісі Тельжанов Қ.Т-Б. -ССРО халық суретшісі, Қазақстан халық суретшісі, Ресей суретшілер академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстан Республикасының  мемлекеттік сыйлығының лауреаты,  Қазақстан Республикасының Ұлттық академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстан Республикасына еңбек сіңген қайраткер, Халықаралық ғылыми жоғары мектебінің құрметті академигі, ЖАК профессоры. (1927-2013)

2004 жылы қыркүйек айынан бастап “Монументалды кескіндеме”, “Академиялық кескіндеме” кафедралары қосылып  “Кескіндеме” кафедрасы болып құрылды.

2017 жылы «Кескіндеме», «мүсін» кафедралары біріктіріліп, «Кескіндеме, мүсін»кафедрасы құрылды.

2019 жылы «Кескіндеме, мүсін», «Графика» кафедралары біріктіріліп, «Көркемсурет» кафедрасы құрылды, кафедра меңгерушісі ҚР СО мүшесі, «Мәдениет саласының үздігі» профессор Б.С.Тұрғынбай тағайындалды.

«Көркемсурет» кафедрасы «Станоктық кескіндеме», «Монументалды кескіндеме», «Мүсін», «Кітап графикасы» мамандандыруларын даярлайды.      

Қазіргі уақытта кафедра бакалаврларды, магистранттарды, докторанттарды жүйелі түрде дайындайды, ал студенттер мемлекеттік стандартқа сәйкес жабдықталған шеберханалар мен витраждар мен мозаика зертханаларында жоғары сапалы білім алады.

1-2 курстарда студенттер мамандық бойынша жалпы білім алады, ал 3-4 курстарда студенттер мамандандыруға бағытталған жеке шығармашылық шеберханаларда оқиды.

Шеберхана жетекшілері:

ҚР СО мүшесі, Қазақстан Республикасына еңбек сіңген қайраткері, профессор Ж.Қ.Қайрамбаев.

ҚР СО суретшілер Одағының мүшесі, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері», , ЖАК профессоры Е.А. Сергебаев.

ҚР СО мүшесі, «Тарлан» сыйлығының иегері, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері», профессор Ә.Қ.Бапанов.

ҚР СО мүшесі, «Мәдениет саласының үздігі», «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері», қ.профессор Б.С. Тұрғынбай.

ҚР СО мүшесі, Қазақстан Республикасына еңбек сіңген қайраткері, профессор Б.Н.Байділда.

ҚР СО мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері, профессор М.С. Жүнисбаев.

ҚР СО мүшесі, ҚР мәдениет саласының үздігі, профессор К.Т. Шукирбеков.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы халықаралық және әйгілі кәсіби республикалық конкурстардың, көрмелер, жобалар мен фестивальдардың ұйымдастырушысы, қатысушысы және лауреаттары болып келеді. Кафедрада ұстаздары магистратурамен, доктарантураға түсіп, өнер магистрі, PhD доктор ғылыми дәрежелеріне ие болып жатыр.  

Кафедра түлектері Қазақстанның бейнелеу өнері саласында талмай еңбек етіп, өз үлестерін қосып және де үлкен жетістіктерге жетуде. Атап айтқанда, Алматы қаласындағы метро станциялары интерьерін безендіру, Алматы  Орталық мешіті, Астана қаласындағы Ислам Мәдениет Орталығы,  Президенттің резиденциясы «Ақорда», Астана қаласының Орталық мешіті және де  Қазақстанның көптеген облыс орталықтарындағы мешіттерді безендіруге авторлық жобаларымен қатысып, орындап шықты.  Түлектеріміз өздерінің жеке шығармашылық жұмыстарымен Қазақстанның және әлемнің өнер мұражайларымен жеке қорларын толықтырып келеді.

Кафедраның іргетасын қалаған ұстаздар:

Тельжанов Қ.Т-Б. -ССРО халық суретшісі, Қазақстан халық суретшісі, Ресей суретшілер академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстан Республикасының  мемлекеттік сыйлығының лауреаты,  Қазақстан Республикасының Ұлттық академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстан Республикасына еңбек сіңген қайраткер, Халықаралық ғылыми жоғары мектебінің құрметті академигі, ЖАК профессоры. (1927-2013)

Шаяхметов К.М. – Қазақстан Республикасының халық суретшісі, профессор. (1928-1995)

Қалимов М.Ғ. — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткер, Махамбет Өтемісұлы атағының жүлдегері, профессор (1931-2002)

Кенбаев М.С. – Қазақстан Республикасының халық суретшісі профессор (1925-1993)

Өмірбеков Б.Е. ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР  еңбегі  сіңірген қайраткер, Халықаралық өнертанушылар ассоциясының мүшесі ЮНЕСКО жанындағы халықаралық музейлер кеңесінің Қазақстандағы қауымдастығы президенті, ЮНЕСКО  істері жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі, Украин Суретшілер Одағының құрметті мүшесі, Қазақстан музейлер ассоциясының президенті, ҚР Суретшілер Одағының төрағасы, ЖАК профессоры

Қыстаубаев К.И.- ҚР жаратылыстану ғылымы академиясының толық мүшесі,  ҚСРО суретшілер Одағы және ҚР суретшілер Одағының мүшесі, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері», ҚР-ның жоғарғы мектебінің білім беру озаты, ЖАК профессоры

Дүзелханов А.Д.ҚР суретшілер Одағының мүшесі, ҚР еңбегі сіңірген қайраткер, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты,  ак. профессоры

Қ.Б.Оспанов—  ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР білім ісінің үздігі, «Ы.Алтынсарин» медалі, ак. профессоры.

Қайрамбаев Ж.Қ. ҚР Суретшілер одағының мүшесі, «ҚР еңбек сіңірген қайраткері», «Ерен еңбегі үшін» медалі, ак. профессоры.

Бапанов Ә.Қ. – ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, ЮНЕСКО халықаралық суретшілер ассоциациясының мүшесі,  «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Тарлан» сыйлығының иегері, ак. профессоры.

Тұрғынбай Б.С. —  ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, «Мәдениет саласының үздігі», ак. профессоры және т.б.

Кафедрада оқытушылары: 1 профессор ЖАК, 2-ассоц. профессорлар, 6 академияның  профессоры, 5 доцент, 6 аға оқытушы, 6 оқытушы. Оның ішінде 2 PhD докторы, 6 Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, 7 өнер магистрі.

Приемная комиссия