2026 жылғы 24–25 қарашада Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының балет труппасының аттестациясы өтті.
Аттестаттау комиссиясының жұмысына философия докторы (PhD), Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Хореография» факультетінің деканы — Аухадиев Ильзат Ришатович қатысты.
Аттестаттау комиссиясының төрағасы:
1. Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі, Большой театрдың премьері — Лобухин Михаил Юрьевич.
Аттестаттау комиссиясының мүшелері:
2. Қазақстан Республикасының Халық әртісі, «Құрмет» орденінің кавалері, өнертану доценті, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының балет труппасының көркемдік жетекшісі — Туткибаева Гульжан Усамбековна;
3. Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері, «Парасат» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Александр Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің көркемдік жетекшісі, «Қазақстан хореографтар одағы» ҚБ төрағасы — Ли Людмила Мунсековна;
4. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық балет әртістері байқауларының лауреаты, Қазақ ұлттық хореография академиясының арнайы пәндер оқытушысы — Мурзақұлов Әсет Әбдібайұлы;
5. Философия докторы (PhD), Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Хореография» факультетінің деканы — Аухадиев Ильзат Ришатович.
Аттестаттау аясында кордебалет әртістерінің, солистердің және жетекші солистердің классикалық би сабақтары, сондай-ақ «Сильфида», «Жизель», «Дон Кихот», «Баядерка», «Аққу көлі», «Бақшасарай бұрқағы» балет спектакльдерінен үзінділер қаралды. Жоспарлы аттестаттаудан балет әртістері мен педагог-репетиторлар өтті.
















