Аккредиттеу және рейтинг бөлімі Академияның құрылымдық бөлімшесі болып табылады және ішкі сапаны қамтамасыз ету және мониторинг қызметінің құрамына кіреді.
Бөлімнің негізгі мақсаттары:
1) Академияның білім беру қызметінің институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу стандарттарының талаптарына сәйкестігін бақылау;
2) институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу рәсімдерін дайындау және өткізу бойынша жұмысты ұйымдастыру;
3) ЖЖКББҰ және білім беру бағдарламаларының рейтингтеріне дайындық және қатысу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.