• 07.05.2024

АКАДЕМИЯ ОҚЫТУШЫСЫ – «ҮЗДІК ЖОО ОҚЫТУШЫСЫ-2023» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ!

Авторkaznai

Қаң 11, 2024

АКАДЕМИЯ ОҚЫТУШЫСЫ – «ҮЗДІК ЖОО ОҚЫТУШЫСЫ-2023» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ!

 «Үздік ЖОО оқытушысы-2023» Республикалық байқауының жеңімпаздарының есімдері белгілі болды. Академиямыздың оқытушысы – Шет тілдері және ҚХА кафедрасының доценті Таутенбаева Айнагүл Абдумажитқызы байқаудың жеңімпазы атанды.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, байқауға еліміздің 80 жоғары оқу орнынан барлығы 768 үміткер қатысты. Біз Республикалық «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының жеңімпаздары арасында біздің академияның оқытушысы бар екенін мақтан тұтамыз.

Құрметті Айнагүл Абдумажитқызы, Сізді Байқаудағы жеңісіңізбен құттықтаймыз! Біз Сіздің игі еңбектеріңізді және Академиямыздың дамуына қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймыз.

Алдағы уақытта да шығармашылық табыстар мен жетістіктер тілейміз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия