Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері Тәуелсіздік күніне арналған шағын футбол жарысына қатысты. Спорттық іс-шара Алматы қаласының өнер саласындағы оқу орындары арасында ұйымдастырылып, турнирге барлығы 6 команда жиналды.
Академия ұжымы жарыста жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы есепте екінші орынға ие болды. Қатысушыларға дипломдар мен кубок табысталды.
Қатысушылар өздерінің спорттық шеберлігін көрсете отырып, Тәуелсіздік мерекесінің рухын көтеруге және мәдениет саласындағы оқу орындары арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға атсалысты.







