2026 жылдың 21 қазанында Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (АРТА) халықаралық мамандандырылған аккредиттеуі аясында сыртқы сараптау комиссиясы өз жұмысын бастады.
21-23 қазан аралығына жоспарланған сапар барысында комиссия мүшелері Академия басшылығымен, білім беру бағдарламаларының жетекшілерімен, құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен, профессор-оқытушылар құрамымен, білім алушылармен, түлектермен және жұмыс берушілермен кездесулер өткізеді. Сонымен қатар сарапшылар білім беру бағдарламаларының мазмұны мен іске асырылу барысын, оқу процесінің ұйымдастырылуын, материалдық-техникалық базаның жағдайын және білім сапасын қамтамасыз ету жүйесін зерделейді.
Сыртқы сараптаудың негізгі мақсаты – Академияның білім беру бағдарламаларының АРТА стандарттары мен критерийлеріне сәйкестігін бағалау, сондай-ақ білім беру сапасын одан әрі арттыру және бағдарламаларды жетілдіру бағыттарын айқындау. Айта кетейік, сыртқы сараптау комиссиясы жұмысын 23 қазанда қорытындылайды.












