2026 жылдың 30 сәуір күні Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Бос орындар жәрмеңкесі» өтті.
Биылғы іс-шараның ауқымы кең болды. Жәрмеңкеге еліміздің түкпір-түкпірінен 40-қа жуық мекеме қатысып, жастарға 100-ден астам бос жұмыс орнын ұсынды. Қатысушылар қатарында Қазақстанның белді театрлары, мәдениет және өнер ұйымдары, шығармашылық бірлестіктер бар.
Академия түлектері жәрмеңкеде жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатып, түйіндемелерін қалдырды. Аталмыш жәрмеңке өнер саласындағы кадр тапшылығын жою және талантты жастардың мамандығы бойынша жұмысқа орналасуына тікелей септігін тигізуді көздейді.






