2026 жылғы 13 қарашада Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында HeadHunter компаниясының өкілдері студенттермен кездесу өткізді. Кездесу барысында компания өкілдері HeadHunter қызметінің негізгі бағыттары мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы презентация ұсынды.
Кездесуде Академияның білім беру бағдарламалары аясында даярланатын мамандардың еңбек нарығындағы сұранысына ерекше назар аударылды. Аталған бағыттардың бірқатары сұранысқа ие мамандықтардың ТОП-10 қатарына кіретіні атап өтілді. Сонымен қатар жыл сайын ұсынылатын 400 бос жұмыс орнының қысқа мерзімде толтырылатыны айтылды.
Іс-шара аясында студенттерге түйіндемені сауатты әрі талапқа сай әзірлеу жолдары түсіндірілді. Мамандар түйіндеме дайындау кезінде жиі жіберілетін қателіктерге тоқталып, дұрыс рәсімделген түйіндемелердің үлгілерін көрсетті.
Бұдан бөлек, жұмыс берушілердің үміткерлерге қоятын негізгі талаптары, еңбек өтілі жоқ жастардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктері талқыланды. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, студенттер еңбек нарығына бейімделу, жұмыс іздеу және кәсіби мансабын қалыптастыру бойынша пайдалы практикалық кеңестер алды.






