Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында елдік рух пен тәуелсіздік құндылықтарын дәріптеуге арналған «Көк тудың желбірегені!» атты патриоттық ән кеші өтті. Кеш барысында белгілі өнер қайраткерлері, академия оқытушылары мен студенттері туған жер мен Отанға арналған шығармаларды орындап, көрерменге көтеріңкі көңіл күй мен рухани әсер сыйлады.
Іс-шараның құрметті қонақтары ретінде композитор Әбиірбек Тінәлиев пен ақын Алмас Ахметбек өнер көрсетті.
Кештің маңызды сәттерінің бірі – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын сахна төріне алып шығу рәсімі болды. Салтанатты рәсімді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Академиясының Мемлекеттік ту алып жүру тобы жасады.








