2026 жылғы 4 наурызда халықаралық ынтымақтастықты дамыту және бірлескен әрі қос дипломды білім беру бағдарламаларын әзірлеуге дайындық аясында Академия Британдық Кеңеспен бірлесіп қос дипломды білім беру бағдарламаларын (ҚДБББ) әзірлеу бойынша ворк-шоп өткізеді.
Іс-шараға құрылымдық бөлімшелердің өкілдері, білім беру бағдарламаларының жетекшілері және профессор-оқытушылар құрамы қатысады. Спикерлер қатарында шетелдік жоғары оқу орындарымен бірлескен қос дипломды бағдарламаларды жобалау және жүзеге асыру тәжірибесі бар ҚБТУ сарапшылары бар.
Ворк-шоп қорытындысы бойынша қолданыстағы ҚДБББ туралы Ережеге талдау жүргізіліп, оны халықаралық тәжірибе, серіктес жоғары оқу орындарының талаптары және академиялық кредиттерді бөлу ерекшеліктерін ескере отырып жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу жоспарланып отыр.







