2026 жылғы 11 қарашада Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кинозалында 2026 жылғы Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары республикалық конкурсының (СҒЗЖ) және XVIII Республикалық пәндік олимпиаданың жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шара барысында жоғары білім деңгейін, зерттеушілік қабілетін, шығармашылық ойлауын және кәсіби шеберлігін танытқан Академия студенттері марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар, ал олардың ғылыми жетекшілеріне білім алушыларды сапалы даярлағаны және жастардың ғылыми-шығармашылық әлеуетін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хаттар табысталды.
Студенттердің республикалық конкурстар мен олимпиадаларға қатысуы Академияның білім беру және ғылыми қызметінің маңызды бөлігі болып табылады. Мұндай жетістіктер зерттеушілік құзыреттерді дамытуға, болашақ мамандардың кәсіби қалыптасуына және еліміздің білім беру мен ғылым кеңістігіндегі Академия беделін арттыруға ықпал етеді.
Ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Қ.З. Халықов жеңімпаздарды, жүлдегерлерді және олардың ғылыми жетекшілерін лайықты марапаттарымен құттықтап, алдағы уақытта шығармашылық табыс, жаңа ғылыми жаңалықтар мен биік жетістіктер тіледі.










