2025 жылдың 20-22 мамыр күндері Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұйымдастыруымен ІІІ Халықаралық «TYRKI DYNIYESI» студенттер театрларының фестивалі өтеді. Аталмыш өнер байқауына Қазақстанмен қатар, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия мен Түркіменстаннан келген жас өнерпаздар қатысады.
Фестивальдің мақсаты – түркітілдес елдер арасындағы мәдени байланысты нығайту, студенттер театрларының шығармашылығын дамыту және кәсіби диалог алаңын құру.
Фестиваль аясында төмендегідей іс-шаралар ұйымдастырылады:
- – Түркі әлемі елдері студенттерінің қойылымдары;
- – Шетелдік және отандық театр өнерінің жетекші қайраткерлерінің шеберлік сыныптары;
- –Тәжірибе алмасуға және қатысушылардың талантын көрсетуге бағытталған шығармашылық кездесулер мен талқылаулар;
- – Жаңа пьесалардың оқылымын өткізу және т.б. мәдени іс-шаралар.
