Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Түркі әлемі журналистер федерациясының президенті, халықаралық Түркі дүниесі деректі фильмдер фестивалін ұйымдастыру комитетінің төрағасы Мендерес Демир, аудармашы Тұлпар Жәнібекқызы қонақ болды.
⠀ Кездесудің негізгі мақсаты – алдағы уақытта өткізу жоспарланып отырған Түркітілдес симпозиумға дайындық барысын талқылау. Жиналғандар түркі дүниесіне ортақ құндылықтарды сақтау, рухани байланысты нығайту және шығармашылық интеграцияны дамыту жолдарын сөз етті.
⠀ Жоспарланып отырған симпозиум – түркі халықтарының мәдени мұрасын дәріптеуге, өнер мен ақпарат кеңістігіндегі бірлікті арттыруға бағытталған маңызды алаң болмақ.
