• 27.09.2022

Академиядағы тіл апталығының аяқталуы

Авторkaznai

Сәу 28, 2022

2022 жылдың 18 – 23 сәуір арлығында Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА студенттерінің қатысуымен “Art will save the world” атты шет тілдер апталығы өтті. Кафедра меңгерушісі, доцент Ж.С. Канлыбаеваның жетекшілігімен шет тілдер және ҚХА кафедрасы ұйымдастырды.

Апта неміс тілінде “Die Kunst wird die Welt retten” презентацияларымен студенттердің шығармашылық жұмыстарының көрмесімен ашылды, оны оқытушы Куатова Г.О. жүргізді, аға оқытушылар Султан Ж.С. және Туремуратова К.Ж. ” The spirit of art” викторинасын және “The place where I live” тақырыбында бейне жұмыстар байқауын жүргізді, аға оқытушы Алпеисова Б.Т. және доцент Таутенбаева А.А. “Tolerance in film making” дебатын өткізді, қызықты іс-шара доцент Искакова А.О. ұйымдастырған әдеби қонақ бөлмесі және аға оқытушы Алпеисова Б.Т. Уильям Шекспирдің шығармашылығына арналған кеш ұйымдастырылды және осы іс-шараға Абылайхан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің студенттері шақырылды.

Аптаның маңызды оқиғасы Қазақстанның орта және жоғары оқу орындары  арасындағы, шығармашылық мамандықтарының студенттерімен ағылшын тілінен “Speech Contest 2022” олимпиадасын өткізу болды. Олимпиада ағылшын тілінде көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамыту мақсатында Тедток конкурсы форматында өткізілді. Олимпиаданың модераторы Т.С. Ким республиканың 48 өтінімдерін қабылдады және оның ішінде республиканың 14 оқу орны, олар Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, ҚазБСҚ академиясы, Тұран университеті, Қазақ ұлттық хореография академиясы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Абай атындағы  ҚазҰПУ және келесі орта оқу орындары: Д.Нұрпейсова атындағы халық музыкасы академиясы, Атырау музыкалық колледжі, Маңғыстау өнер колледжі (Ақтау қаласы), П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі (Ақтөбе қаласы), Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА колледжі  және т. б. байқаудың қазылар алқасының құрамына Қазақ ұлттық өнер университетінің (Нұр-Сұлтан қ.), Абай атындағы ҚазҰПУ, П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі және  Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА өкілдері кірді.

Биылғы жылы орта және жоғары оқу орындарынан келген үміткерлерге жеке орын беру туралы шешім қабылданды. Осылайша студенттер арасындағы П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің өкілдері,  Д.Нұрпейісова атындағы халық музыкасы академиясының өкілдері (Атырау музыкалық колледжі, Атырау қаласы), А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі (Ақтөбе қаласы) студенттер жүлдегерлері атанды. ЖОО студенттері арасында 1, 2, 3 орындарды Қазақ ұлттық өнер университеті (Нұр-Сұлтан қаласы), Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы және Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА бөлісті.

Тілдер апталығының соңында академия студенттері доцент А.О.Искакова және оқытушы Т.С.Ким жетекшілігімен ALMAU университетінде Shakespeare’ s Day мерекесіне қатысып, пьесалардан эпизодтар қою конкурсында 1 орын және У. Шекспирдің сонеттер мәнерлеп оқу конкурсында 2 орын алды.

Тілдер апталығын өткізу академияның “Шет тілдер және ҚХА” кафедрасының дәстүріне айналды, жыл сайын бұл іс-шара жаңа мазмұнмен толықтырылады, бірақ өзгермейтін мақсат студенттердің рухани тәрбиесін дамыту және мәдениетаралық қарым-қатынас тұлғасын қалыптастыру болып табылады.

Приемная комиссия